• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:31

Түркістан облысының тұрғыны бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған

10 рет
көрсетілді

Түркістан қаласының ауданаралық сотында ағза алмастыру немесе өзге мақсатта пайдалану үшін тірі адамның ағзасын заңсыз саудалау дерегі қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Сотталушы М. өзінің бүйрегін сату мақсатында 2025 жылдың ақпан айында Телеграм арна арқылы жарнама жариялаған. Нәтижесінде өзін Ішкі істер органдарының мүшесі ретінде таныстырған А. есімді азаматпен жолығып, бүйрегін 13 млн теңгеге бағалаған.

Күдіктілер аталған соманың 5 млн теңгесін қолма қол табыстау кезінде қолға түскен.

Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшада ұсталды

Сотта жәбірленуші М. мұндай заңсыз әрекетке баруына мұқтаждық пен қиын материалдық жағдайы себеп болғаннын айтқан.

Сот аталған деректі ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескере отырып, сондай-ақ рақымшылық аясында жәбірленушіні қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі тоқтатқан.

Адам ағзаларын саудалаған қылмыскер қолға түсті

Соңғы жаңалықтар