• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:26

Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды

10 рет
көрсетілді

17 ақпанда «102» арнасына мұз үстінде адам қалып, оған шұғыл көмек қажет екені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Кенжебек Әлибаев пен Олжас Бортай дереу жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Анықталғандай, 59 жастағы ер адам балық аулау кезінде екі қолын мұз ойығына тығып алып, өздігінен шыға алмай қалған.

Астанадағы Майбалық көлінде екі балықшы құтқарылды

Оқиға орнына келген полицейлер ер адамға көмектесіп, оны қауіпсіз жерге шығарды. Қан айналымын қалпына келтіру үшін қолы мен аяғына жылыту массажын жасап, жедел жәрдем келгенше қасында болды.

Екібастұзда мұз ойылып, суға кеткен балықшылар құтқарылды

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қыс мезгілінде су айдындарында барынша сақ болуға шақырады.

Маңғыстау облысында әйел мен үш бала қар құрсауынан құтқарылды    
Соңғы жаңалықтар