Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен ведомство алқасының отырысында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) ұйымдастырудағы негізгі нәтижелер мен халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға арналған жаңа шараларды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, емханалардағы кезектер, жалпы практика дәрігерлерінің жоғары жүктемесі және пациент маршруттарының күрделілігі сияқты мәселелер әлі де өзекті.
«Біз пациенттер медициналық қолдауды тезірек, аурудың ерте сатысында және емдеу тиімді болған кезде ала алатындай етіп алғашқы көмекті қалпына келтіріп жатырмыз», деді А. Әлназарова.
Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс
2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтілді: нысаналы топтың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды, 50-76 жастағы ер адамдар үшін инсульт қаупін тұрақты тексеру енгізілді. Ал созылмалы ауруларды ерте анықтау үшін жоғары сезімтал зертханалық сынақтар қолданылады.
Сонымен қатар онкоскринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосылды. Бұл сақтандыруы жоқ 300 мың азаматтың тексерілуіне жол ашады.
Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді