Елімізде 15 наурыз күні жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыреспубликалық референдум өтеді. Елордада осы бір маңызды шараны еске түсіріп тұруға арналған таблолар орнатылды, деп жазады Egemen.kz.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, кері санақ таблолары шолу дөңгелегінде және Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылған.
Ондағы сандар нақты уақыт режимінде референдумға қанша күн қалғанын көрсетеді.
Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті
Бұған дейін елордада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қалалық штабы ашылды. Коалиция құрамына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Оның аясында алғашқы ауқымды live-концерт ұйымдастырылды. Оған 10 мыңнан астам адам қатысты.