Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. 17 ақпанда оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Зардап шеккен оқушы 2008 жылы туған, жаратылыстану-математика бағытында оқиды. Қазіргі уақытта ол қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр, бірақ есін біледі. Дәрігерлер оның бірнеше жері сынғанын анықтаған.
Қосшыда 10 жастағы оқушы сабақ кезінде көз жұмды
Өңірлік полиция департаментінің мәлімдеуінше Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Мән-жайды жан-жақты зерттеу бағытында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысынан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді