• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 10:45

Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды

10 рет
көрсетілді

Кеше Тараз қаласында мектеп оқушысын ұрламақ болған. Әлеуметтік желіде екі ер адамның аялдамада кішкентай қызды ұрлауға оқталған бейнежазба тарады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиғаға сол маңдағы адам араласып, қызды көлікке отырғызып, алып кетуіне жол бермеген.

Жамбыл облыстық полиция бейнежазбаға қатысты түсініктеме беріп, күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді

«Полицияға екі белгісіз ер адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Елімізде некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлауға қатысты заң өзгереді

Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

 

Соңғы жаңалықтар