• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 08:07

Жастар Конституция жобасын қолдайды

0 рет
көрсетілді

Кеше Өскеменде «Біз жаңа халықтық Конституция үшін» республикалық жастар форумы өтті. 17 облыстың жастары Өскеменде тізе қосып, жаңа бастамалар мен ертеңгі күннің жоспарын талқылады, пікір алмасты.

Жастар жиналған алаң­да жаңаша ой қозғалып, сал­мақ­ты ұсыныстар айтылды. Жиында сөз алған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ел ертеңі жастардың қолында екенін атап өтті.

«Бүгінгі кездесу тарихи кезеңде өтіп отыр. Мемлекет басшысы 2026 жылы 15 нау­рызда республикалық рефе­рен­дум өткізу туралы Жар­лық­қа қол қойды. Осы бағыт­та 130 адамнан тұратын кәсі­би Конституциялық комиссия ашық әрі жария формат­та жұ­мыс істеді. Бірлік пен ынтымақ – мемлекеттік саясаттың бас­­ты бағыты. Қазіргі таңда оның өзектілігі одан әрі арта түседі. Президент атап өткен «Бір­лігі­міз – әралуандықта» қағида­сы – өзгермейтін құндылық», деді өңір басшысы Н.Сақтағанов.

«Ассамблея жастары» рес­пуб­ликалық қоғамдық бір­лес­ті­гінің төрағасы Тимур Жұ­мыр­баев республикалық игі бас­та­малардың басым бөлігі Шы­ғыс­тан бастау алатынын атап өтті.

«Еліміз қазіргі уақытта үл­кен қоғамдық-саяси маңызды оқиға­ның алдында тұр. Бұл ретте республика жастарына да маңыз­ды жауапкершілік жүкте­ліп жатыр. Жаңа Конституция еліміздің жастары үшін жаңа және тұрақты болашақты қалыптастырады деп сенеміз», деді Тимур Ғабдулұлы.

Республикалық форумда еліміздің әр өңірінен келген жас­тар ұсынысын ортаға салып, ой-пікірін айтты.

«Бүгінгі ұйымдастырыл­ған шараның маңызы зор. Үш күн бойы үйреніп, білгені­міз­ді, түйгенімізді өңірлерімізде пайдаланамыз. Шығыс жас­та­рының белсенділіктері мен идея туғызатын бастамалары ұнады. Форум жұмысына сәтті­лік тілеймін», деді Талды­қор­ған қала­сынан келген Жетісу об­лыс­тық «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Екатерина Подгорнова.

Айта кетейік, форумда ел жастары бірауыздан жаңа Ата заң жобасын толық қолдай­тындықтарын білдірді. Ертеңгі күні енгізілетін өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екеніне баса назар аударылды.

 

Шығыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар