Ұлттық банк төлем карталарына қатысты алаяқтықтың жаңа, әрі өте қауіпті түрі белең алғанын мәлімдеді. Алаяқтар бұл жолы азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, олардың картасын өз еркінен тыс бұғаттау арқылы шотына қол салуды көздеп отыр, деп жазады Egemen.kz.
WhatsApp-та кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
«Төлем картасы бұғатталған жағдайда картаның екінші бетінде немесе мобильді қосымшада көрсетілген нөмір арқылы банктің ресми колл-орталығына хабарласқан дұрыс. Есіңізде болсын, қаржы ұйымдарының қызметкерлері SMS-хабарламада көрсетілген пароль мен кодты ешқашан сұрамайды және мобильді құрылғыны қашықтан басқаратын қосымшаларды орнатуды талап етпейді», делінген хабарламада. Бұдан бөлек, банкомат маңында «картам зақымдалды» деп басқаның шотына ақша аудартуға көмек сұрайтын «кездейсоқ жолаушылардан» да сақ болған жөн. Мұндай «көмек» сізді байқаусызда дропперлік (қылмыстық ақшаны жылыстату) әрекетке итермелеп, заң алдында жауапқа тартуы мүмкін.Былтыр ІІМ 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың алдын алды
«Банк картасы мен оның деректерін ешкімге бермеуге, бейтаныс адамға ақша аудармауға, әркез қырағы жүруге және кез келген ақпаратты екінші деңгейлі банктердің ресми нөмірлері арқылы колл-орталығына қоңырау шалып, тексеріп алуға кеңес береді.
Ұлттық банк қызметкерлері жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, аудио және видеоқоңырау шалмайтынын, түрлі инвестициялық пай қорлары мен қаржы өнімдеріне ақшалай салым салуды ұсынбайтынын, қаражатты сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін еске саламыз», делінген хабарламада.