• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:51

Қазақстанда бірыңғай медиа-платформа құрылады

10 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бір топ Сенат депутатының өңірлік деңгейде баспасөз архивтерін құру мәселесіне қатысты жолдаған сауалына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Бүгінде «Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы» атты ақпараттық жүйе жұмыс істеп тұр. Бұл жүйеде 80 мыңнан астам кітап, диссертация, газет пен журналдардың электрондық көшірмелері жинақталған.

Олжас Бектенов жауабында ақпарат саласындағы процестерді автоматтандыру мен жүйелеу үшін «Бірыңғай медиа-платформа» ақпараттық жүйесін құру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Аталған жүйені құру мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тиісті қызметтерді атқарып жатыр.

Платформа іске қосылса газеттер мен журналдар сақталып, оқырмандардың БАҚ материалына жылдам әрі ыңғайлы түрде қол жеткізу мүмкіндігі артпақ.

Цифрландыру – жаңашылдық үрдісі

«Алдағы уақытта «Бірыңғай медиа-платформа» мен «Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйелері интеграцияланады. Екі жүйені интеграциялау барысында газеттер мен журналдарды есепке алу, оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, электрондық және цифрлық форматқа көшіру бойынша бірыңғай қағидаларды әзірленіп, бекітіледі», делінген Премьер-министр жауабында. 

Олжас Бектеновтің айтуынша, елімізде 5 029 бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағында 515 жаңа БАҚ тіркелген. Ал облыстық, аудандық, қалалық газеттер кітапханаларда, баспасөз басылымдардың қорларында және жеке архивтерде сақталып келеді.

2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды: Президент жарлыққа қол қойды

«Алматы қаласында 1988 жылдан бастап шығатын «Almaty aqshamy»мен 1936 жылдан бері жарық көретін «Вечерний Алматы» газеттерінің барлық санының тігінділері «Алатау ақпарат» ЖШС медиахолдингінде сақтаулы. Екі газеттің 1970-2021 жылдардағы сандары цифрландырылды. Цифрландырылған басылымдардың жалпы көлемі – «Almaty aqshamy» 3 306 газет (56,75 %), «Вечерний Алматы» 8 551 газет (65 %). Қалған кезеңдер бойынша цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Абай облысында 1943-2025 жылдар аралығында жарық көрген 16 газеттің 18 323 данасы сақтаулы тұр. Алматы облысында 16 газет, 4 журнал жұмыс істейді, жинақталған тігінділерді цифрландыру жұмысы қолға алынды. Ақтөбе облысында «Ақтөбе Медиа» ЖШС қарасты облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газеті 1924 жылдан, «Актюбинский вестник» газеті 1918 жылдан бастап шығып келеді. Осы газеттердің электрондық (PDF) форматтағы даналары өздерінің архив қорында сақтаулы тұр. Сондай-ақ,12 аудандық газет жұмыс істейді, олар қазіргі таңда жекешелендіріліп, аптасына 1 рет шығады. Бұл аудандық газеттердің қорлары мемлекеттік кітапханаларға тапсырылған», делінген Үкімет басшысының жауабында. 

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Басылымдарды сақтау және цифрландыру ісі барлық өңірде жолға қойылған. Мәселен, Ақмола облысында 40 газет шығады. Сондай-ақ 1941-2025 жылдарда жарық көрген 120 466 дана газет сақталған. Ал Атырау облысында қалалық кітапханаға 1921-1922, 1930-2021 жылдарды қамтитын газеттер сақтауға алынған. Оның 9 983 беті цифрлы форматқа көшірілген. 1974-2025 жылдардағы газеттердің тігінділері фотосурет нұсқасында және электрондық форматта редакцияда сақталып тұр. Қызылорда облысында газеттерді сақтау және цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Цифрланған газеттер электронды қорға енгізілген. Премьер-министр жауабында өзге аймақтағы басылым қорлары да жеке архив және кітапханада сақтаулы екеніне назар аударған.

Осы бағыттағы маңызды жұмысты біріздендіру мақсатында «Бірыңғай медиа-платформа» және «Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйелері бірлесіп жұмыс атқарады.

Соңғы жаңалықтар