Алматы қаласының Бостандық ауданында Гиннестің рекордтар кітабына енуден үмітті, ұзындығы 110 метрге жететін сырмақ тоқылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Амандық болса, ақ әжелеріміз тоқып жатқан ерекше сырмақ дәстүр мен шеберлікті, ұлттық болмысты тоғыстырған қолөнершілікті де дәріптейді. Аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақты Наурыз мейрамына қарай тоқып бітуі тиіс. Осынау тамаша бастама Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге ұсынылғалы отыр.
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Сырмақ дәстүрлі киіз басу, тігу технологияларын сақтай отырып, толықтай қолмен атқарылады. Ою-өрнектерде қазақы нақыштың классикалық үлгілері пайдаланылып, дәстүр жалғастығы, қолөнерге деген құрмет пен ұлттық мұраны сақтауға деген ұмтылыс көрініс табады.
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Зерлі бастама көлемімен ғана емес, мазмұндық мәнімен де айрықша. Жоба ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеуге, аға буынның қоғамдағы рөлін нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған. Сонымен көлдей ұзын көркем сырмақ Наурыз мерекесіне орай жұрттың назарына ұсынылып, ұлттың бірлігі мен байлығын, шеберлік дәстүрінің өміршеңдігін айшықтамақ.
Алматы облысында бір отбасы үйін күн панельдері арқылы жылытып отыр