Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ең қысқа 500 метрде жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемдегі ең ТОП-3 жылдам спортшының қатарына кіретін Евгений Кошкин қашықтықты 34.56 секундта жүгіріп өтті.
1. Джордан Штольц (АҚШ) - 33.77 секунд (Олимпиада рекордын жаңартты)
2.Еннинг Де Бо (Нидерланд) - 33.88 секунд
3. Лоран Дюбрёй (Канада) - 34.26 секунд 9-орын.
Евгений Кошкин - 34.56 секунд Евгений Кошкин 2025 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем Кубогының бірінші кезеңінде 500 метрді 33.67 секундта (тарихтағы үшінші көрсеткіш) бағындырып, тікелей Милан Олимпиадасына жолдама алған.
Айта кетейік, енді ертең Евгений Кошкинның жұбайы Кристина Силаева дәл осы қашықтықта жүлдеге таласады.
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!