• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 21:27

Олимпиада-2026: Ростислав Хохлов тау шаңғысынан слалом-гигантта сынға түсті

10 рет
көрсетілді

Тау шаңғысынан Қазақстан құрамасының өкілі Ростислав Хохлов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Отандасымыз слалом-гигантта ел намысын қорғады.

Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жүлдеге ие болады.

Жарыс нәтижесінде Ростислав Хохлов 2:47.36 уақыт көрсеткішімен 51-орынға тұрақтады.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша бразилиялық Лукас Пиньейро Бротен Олимпиаданың алтын жүлдегері атанды - 2:25.00. Күміс жүлде швейцариялық Марко Одерматтқа бұйырса (2:25.58), ал оның отандасы Лоик Мейар қола медальға ие болды - 2:26.17.

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті

Соңғы жаңалықтар