Димаш Құдайберген ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиададағы жеңісімен құттықтап, спортшыға автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәнерлеп сырғанаудан Қысқы Олимпиада чемпионы болған Михаил Шайдоровты тарихи жеңісімен құттықтап, автокөлік сыйға тартатынын айтты.
«Мұз үстіндегі қозғалысың мен шеберлігің сені жай ғана чемпион емес – бүкіл елге үміт, рух пен шабыт сыйлаған үлкен тұлғаға айналдырды. Сен еліміздің мақтанышы, менің досым, өзіңнің ағаң болған, өкінішке қарай халқымыздан ерте кеткен Денистің аманатына қиянат жасаған жоқсың. Оның алдындағы, ел мен халық алдындағы парызыңды жоғары деңгейде абыроймен орындадың. Мұздағы жолың әрдайым жарық, шабытқа толы болсын. Өнеріңмен әлемді бағындырып, жаңа биіктерді бағындыра бер!
Олимпиадада менің орындауымдағы әнді таңдағаның үшін саған ерекше алғыс айтамын. Мені де қатты қуанттың, бақытқа бөледің. Үлкен рақмет! Көлік менің мойнымда. Жеңіс құтты болсын», деп құттықтады Димаш.
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы