• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 21:28

«Халықтық Конституция үшін» коалициясы ғалымдарды болашақ Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға шақырды

10 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаева бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Отырысқа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин қатысты.

Кездесу барысында Аида Балаева елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңызына кеңінен тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен өзгерістер әділетті, орнықты әрі тиімді мемлекеттік басқару моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Ауқымды реформалар пакетінің негізгі бағыттарының бірі – бір палаталы Парламентке көшу.

Коалиция мүшесі ретінде Аида Балаева мемлекет мәдени әралуандылықты дамытуға, ғылыми зерттеулерге және білімге негізделген дамуға стратегиялық басымдық беріп отырғанын айтты.

«Бұл нормалар ұлттық мәдениетті сақтауға және жаңғыртуға, прогрессивті ұлт қалыптастыруға, сондай-ақ ғылым мен инновацияны дамытуға берік құқықтық негіз болады деп есептеймін», деді ол.

Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, жас ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылым департаментінің директоры Қуаныш Тастамбек және басқа да қатысушылар жоба ережелері жөніндегі пікірін бөлісіп, ғылыми қауымдастықты болашақ Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға шақырды.

 «Өздеріңіз көріп отырғандай, жуырда ел Президенті қарауға жаңа Конституция жобасын ұсынды. Бұл жоба бір ғана адамның емес, мол тәжірибесі бар 130 маманның ұзақ әрі мұқият талдауының нәтижесі, сондай-ақ кең жұртшылықпен жан-жақты талқылау негізінде әзірленді. Комиссияға түскен 10 мыңнан астам ұсыныс – осы жұмыстың айқын дәлелі», деп атап өтті Тлеп Болат.

Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы Мемлекет басшысына ұсынылды және 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум арқылы халықпен бірге қабылданады.

Соңғы жаңалықтар