• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 19:35

2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды

10 рет
көрсетілді

 

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында биатлоннан ерлер арасындағы спринт жарысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қатысушылар 10 шақырым қашықтықты еңсеріп, екі ату айлағынан өтті.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасынан екі спортшы бақ сынады. Владислав Киреев екі рет нысанадан мүлт кетіп, 51-орынға тұрақтаса, Әсет Дүйсенов те екі қателік жіберіп, 61-орында мәре сызығын кесті.

Айта кетейік, Киреев спринт қорытындысы бойынша үздік 60 биатлоншының қатарына еніп, із кесу жарысына жолдама алды.

Франция өкілі Кентен Фийон Майе Олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлде норвегиялық Ветле Шостад Кристиансенге бұйырса, қола медальді тағы бір норвегиялық Стурла Легрейд иеленді.

Соңғы жаңалықтар