• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 15:38

Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

10 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде «әскерден босату» немесе «ақ билет» алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы тарап жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім ел заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын ескертіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік мәліметінше, әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылар үшін де қылмыстық жауапкершілікпен жазаланады. 

1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады

«Мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде және қызметтен босатылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс (несиелік каникул) тетігі қолданылады. Белгіленген мерзімді толық өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері ұсынылады. Соның ішінде оларға студенттік жатақханадан орын алуға да басым құқық беріледі. Сондай-ақ жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ білім беру грантын алу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған сертификаттар мерзімді әскери қызмет өткерген 9 мыңнан астам қазақстандыққа берілді», делінген министрлік хабарламасында. 

Қарулы күштерде 150 әскери қызметші-парамедик даярланады

Ведомство азаматтарды осы мәселелерді ескеріп, алаяқтық жүйенің құрбаны болмауға үндеп отыр.

Айта кетейік, 18-ден 27 жасқа дейінгі, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ ер азаматтар әскерге шақырылады. Шақыру жылына екі рет, наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Енді курсанттарды әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы жүргізіледі

Соңғы жаңалықтар