Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараға бельгиялық өнерсүйер қауым өкілдері мен Брюссель қаласында тұратын қазақстандықтар қатысып, ақын шығармашылығына тағзым етті. Кеш аясында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері қазақ, француз, ағылшын және нидерланд тілдерінде оқылып, ақын поэзиясы халықаралық аудиторияға кеңінен таныстырылды.
Атап айтқанда, бельгиялық Венди Мразек ақынның «Махаббат диалогы» атты туындысын қазақ тілінде орындап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Әдеби кеш қазақ руханиятын шетелде насихаттауға және ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.