• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 18:00

Келер жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді

10 рет
көрсетілді

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА 51-ші Конгресі 2027 жылы 4 наурызда Астанада өтетінін ресми түрде жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл шешім Брюссельде өткен УЕФА-ның 50-ші Конгресінде хабарланды. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория қатысты.

УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшы органдары сайланады.

«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді

Айта кетейік, 51-ші Конгресс сайлау форматында өтеді. Астанада УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады. Осылайша, Қазақстанда алдағы жылдары Еуропа футболын дамыту бағытын айқындайтын шешімдер қабылданады.

Конгресті өткізу құқығы ұйымға мүше елдерге сенім білдіру мен олардың футболды дамытуға қосқан үлесін мойындау белгісі ретінде беріледі. Қазақстанда 51-ші Конгрестің өтуі елімізде бұрын-соңды өткен ең ірі халықаралық футбол жиындарының бірі болмақ және еліміздің еуропалық футбол қауымдастығындағы позициясын нығайтуға, сондай-ақ спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

УЕФА Конгресінің Қазақстанда өтуі – отандық футбол үшін маңызды кезең. Бұл Еуропа футбол қауымдастығы тарапынан жоғары деңгейдегі сенімнің айқын көрінісі.

Конгресті ұйымдастыру және өткізу УЕФА қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Яғни, бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттен қаржы жұмсалмайды және еуропалық футбол ұйымының халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан тікелей үлесі болып есептеледі.

«Қайрат» футболшылары грант иегері атанды

Соңғы жаңалықтар