• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 09:40

Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жүлдеге таласады

10 рет
көрсетілді

10 ақпан күні XXV қысқы Олимпиада ойындарының жарыс жолына бірқатар спортшымыз шығады. Отандастарымыз бақ сынайтын сайыстарды Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Ел спортшылары бақ сынайтын бәсекелердің Қазақстан уақытымен ұсынылған жарыс кестесі: 

13:15 – Шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер). Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.

14:30 – Шорт-трек: 500 м (әйелдер, іріктеу), 1000 м (ерлер, іріктеу), аралас эстафета (алдын ала кезең). Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова.

Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан көруге болады?

15:15 – Фристайл-могул, бірінші іріктеу (ерлер). Павел Колмаков.

17:30 – Биатлон, жеке жарыс (ерлер). Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.

18:15 – Фристайл-могул, бірінші іріктеу (әйелдер). Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.

22:30 – Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (ерлер). Михаил Шайдоров.

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?

Айта кетейік, ел спортшылары әзірге Милан – Кортина Олимпиадасында әлі жүлде еншілеген жоқ. Бүгінге дейінгі жарыс жолына назар салсақ, ел құрамасы сапынан жүлдеге ең жақын болған – Надежда Морозова. Ол конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта 6-шы орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар