Нәтижесінде жалпы медаль кестесінде Алматы қаласы көш бастады. Түркістан облысының құрамасы екінші орынға жайғасса, Жамбыл облысы үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ әр салмақ дәрежесінде чемпион атанған спортшылар сәуір айында Ташкентте өтетін Жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.
Таэквондошы Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы болды
2026 жылғы жастар арасындағы ел Чемпионатының жеңімпаздары келесідей:
Ұлдар:
-45 кг: Сағи Мәдиұлы (Алматы қаласы);
-68 кг: Алидар Абдукаримов (Алматы қаласы);
-48 кг: Ерасыл Ерзат (Жамбыл облысы);
-59 кг: Нұрали Махмұт (Алматы қаласы);
-51 кг: Әділет Шері (Алматы қаласы);
-63 кг: Мухамедәли Махмут (Алматы қаласы);
-78 кг: Бекзат Ғазиз (Түркістан облысы);
-55 кг: Ислам Медетбай (Қызылорда облысы);
-73 кг: Жанайбек Шамуратов (Атырау облысы);
+78 кг: Аманай Құралбаев (Түркістан облысы).
Қыздар:
-42 кг: Шахризода Акрамова (Түркістан облысы);
-59 кг: Эвелина Абдрасулова (Алматы қаласы);
+68 кг: Сабина Туртулова (Павлодар облысы);
-44 кг: Айым Серікбаева (Астана қаласы);
-52 кг: Шералы Элеанора (Астана қаласы);
-68 кг: Балгерім Өтеген (Түркістан облысы);
-46 кг: Сұлу Абибулла (Түркістан облысы);
-55 кг: Нұрайлым Бақытжанқызы (Атырау облысы).
Чемпионатқа барлығы 28 төреші төрелік етті. Доданың әділ өтуі мақсатында шетелден де халықаралық дәрежедегі төрешілер шақыртылған. Атап айтсақ, 8 шетелдік халықаралық дәрежедегі төреші, 11 отандық халықаралық дәрежедегі, 4 ұлттық дәрежедегі, сондай-ақ 4 І дәрежедегі және 1 спорт төрешісі қызмет атқарды.
Шетелдік тәжірибелі төрешілер Индонезия, Таиланд, Кувейт, Оңтүстік Корея және Сауд Арабиясы елдерінен келген.