• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 07:48

Электр стансасы салынады

60 рет
көрсетілді

Атырау облысында инвесторлармен жасалған келісімдер аясында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобалардың жалпы құны 2 млрд доллардан асады.

Сондай жобаның бірі – газ турбиналы электр стансасы. Мұнайлы өңірдегі ең ірі энергетикалық жобаның құрылысын қаржыландыруға Қытай елінің инвесторы да үлес қосып отыр. «Hualin Energy LTD» компаниясының коммерция жөніндегі директоры Мағжан Бекмұсаның айтуынша, жоба екіжақты әріптестік туралы меморандум аясында қолға алынған, құрылысын үш кезеңмен жүргізу көзделген. Алғашқы кезеңде қуаты 250 МВт құрайтын нысан салынады. Нысанды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал электр стансасы 2029 жылы толық іске қосылады.

«Ірі энергетикалық жоба облыс экономика­сын дамы­туға елеулі сер­пін береді. Құрылыс барысында 1 000-нан астам жұмыс орны ашылады. Нысан толық пайдалануға берілгеннен кейін 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. Қазір дайындық жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Арнайы мамандар топографиялық түсірілімдер жүргізіп, инженерлік-іздес­тіру жұмыстарын орындады. Облыс әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Құрылыстың негізгі кезеңі наурыз айында басталады», деді Мағжан Бекмұса.

Оның пікірінше, жобаны іске асыру үшін Атыраудағы электр энергиясына сұраныс зерттелген. Қазір өңірде электр энергиясына қажеттілік артып тұр.

«Жобада жаңа техно­логия­лық шешімдер бар. Әсіресе экологияға зиян тигізбеуіне баса мән беріл­ді. Өйткені ауа­да жанып тұратын газды заманауи технологиялардың көмегімен электр энергиясына айналдыруға мүмкіндік мол. Соның нәтижесінде өндірілетін электр энергиясының өзіндік құны қолданыстағы тариф­терден төмен болады. Тарифі төмен энергия өңірдің қажеттілігін қамтамасыз етуге, жаңа өндірістік жобаларды іске асыруға пайдаланылады», деп мәлім етті ол.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар