Солтүстік Қазақстан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты сот үкімі шықты. Өткен жылдың қыркүйегінде М. Жұмабаев ауданының Полтавка ауылында үш адамның өліміне себепкер болған қаскүнем сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы жағдай таныстардың бірге ішімдік ішуі салдарынан болған. Қаза тапқандар 58 жастағы үй иесі әйел және оның 44 және 46 жастағы таныстары. Сондай-ақ қылмыскер тағы біреуіне ауыр дене жарақатын салған.
Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты
Сот тергеу материалдарын мұқият зерттеп, қылмыскерді 25 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Солтүстік Қазақстан облысы