• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика 03 Ақпан, 2026

Франция Қазақстанның атом-энергетикалық жобаларына қалай қолдау көрсетеді?

20 рет
көрсетілді

Елдегі Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Францияға жұмыс сапары аясында Парижде мемлекеттік органдар мен француз атом саласындағы жетекші компаниялар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

EDF, Framatome мен Orano компанияларының басшылығымен өткен келіссөздер барысында біздің елдегі атом-энергетикалық жобаларды іске асыруға француз компанияларының қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалары экономикалық тиімділік пен ұзақ мерзімді тұрақтылық тұрғысынан талқыланды.

Францияның ядролық реттеу органы – ASNR басшылығымен кездесуде атом саласын мемлекеттік реттеу, ядролық әрі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ АЭХА ұсынымдары мен халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибе алмасу мәселелері қаралды. Тараптар реттеуші органдардың институционалдық тәуелсіздігінің маңыздылығын атап өтіп, сараптамалық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін білдірді.

Атом энергетикасын қауіпсіз дамытудың жолдары қандай?

Кадрлық әлеуетті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. I2EN атқарушы директорымен өткен кездесуде еліміздің азаматтық ядролық энергетика саласына арналған мамандарды даярлау тәсілдері талқыланды. Француз тарапы кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған қолдау бағдарламасының алдын ала тұжырымдамасын ұсынып, тараптар кадр даярлау жөніндегі жол картасын бірлесіп әзірлеу туралы уағдаласты.

Бұған қоса Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ экономика, қаржы, өнеркәсіп, энергетика мен цифрлық егемендік министрлігі өкілдерімен кездесулер өткізіліп, екіжақты экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мен өнеркәсіптік кооперация мәселелері басты тақырыпқа айналды.

Париж қаласында өткен кездесулер Қазақстан мен Францияның атом энергетикасы саласындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге әрі бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

Соңғы жаңалықтар