Bloomberg агенттігінің мәлімдеуінше, «Болашақ» қондырғысындағы күкірттің шамадан тыс жиналғанын Қашаған консорциумы бұрыннан білген, алайда экологиялық шығындардан қашып, ешқандай әрекет жасамаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Shell, ExxonMobil, TotalEnergies және Eni компаниялары NCOC жобасында күкірт көлемінің қауіпті деңгейге жеткенін 2016 жылдан бері білген. 2019 жылы Shell әр тонна артық күкірт үшін 3,5 мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін екенін ескерткен.
Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
Bloomberg сарапшыларының айтуынша, серіктестер қосымша экологиялық инфрақұрылым салудан бас тартқан. Алайда бұл шешім кейін әлдеқайда қымбат қаржылық және құқықтық салдарға соқтырған.
Инвестиция көлемі 1,4 млрд доллар: Венесуэланың мұнай нарығы өзгере ме?
Бұл жағдай дамушы елдерде инвесторлар үшін экологиялық талаптардың күшейіп келе жатқанын көрсетеді.
Қарашығанақ дауы: Қазақстан 4 млрд долларға дейін өтемақы өндіруі мүмкін