• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 01 Ақпан, 2026

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Ла-Нунсиядағы турнирге қатысады

20 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасы Испанияның Бенидорм қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Одан кейін жуан жұдырықты жігіттеріміз 3 ақпанда Пиреней түбегінің Ла-Нунсиясында шымылдығы түрілетін халықаралық турнирге қатысады.

Әлемнің ең мықты боксшыларының рейтингі жаңарды

Бұл жарыста Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров (50 кг), Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек (55 кг), Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев (60 кг), Санатәлі Төлтаев (65 кг), Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мұрсал (70 кг), Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков (75 кг), Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас (80 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг), Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов (90 кг), Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан (+90 кг) сынды саңлақтар күш сынасады.

Биыл бокстан әлемде қандай жарыстар өтеді

Соңғы жаңалықтар