Қонаев қаласының тұрғыны Сабыржан Ерланов 90 күннен астам уақыт бойы аязға қарамастан Қапшағай суына шомылып келеді. Ол бұл қадамы арқылы өңірде салауатты өмір салтын насихаттап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бала кезінен спортқа әуес азамат бүгінде панкратионмен айналысады, жекпе-жекке қатысады. Аптасына 3 рет күштік жаттығулар жасайды. Сонымен қатар түрлі марафондарға қатысып, тауға шығады. Ең биік бағындырған шыңы – «Пик Советов» (4317 м).
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады
Ал суық суға шомылуды осыдан 96 күн бұрын бастаған. Сабыржанның айтуынша, мұздай суға түсу – адам бойына сергектік сыйлап, бойын шымырлатып, иммунитеттің көтерілуіне көмектеседі.
«Ең бастысы – тәртіп пен режимді қатаң ұстану керек», дейді кәсіби спортшы.
Қазір оның бастамасына 10 шақты адам қосылған. Соның бірі – Геннадий. Ол суық суға түсудің арқасында күйзеліске қарсы төзімділігі артып, бойына алапат күш-жігер пайда болғанын айтады.
Алматы облысында суға шомылу рәсімі өтіп жатыр