Атырау облысында былтыр заңсыз балық аулауға қатысты 2200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Браконьерлерге салынған айыппұлдың көлемі 31,7 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Рүстембек Қорқытовтың мәліметінше, Атырау және Батыс Қазақстан облысының аумағындағы көлшіктерден тұқы тәріздес балық түрлерінің 43,3 миллион шабағы құтқарылған.
Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады
«Өткен жылы заңсыз балық аулаушыларға қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды. Су айдындарынан балықты заңсыз аулап, браконьерлікпен айналысқандарға 31,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды», дейді Рүстембек Қорқытов.
Заңсыз балық аулаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды