• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қаңтар, 2026

Яна Легкодимованың өліміне қатысты үкім: Сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

14 рет
көрсетілді

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталғандар мен олардың қорғаушылары 2025 жылғы қарашада шығарылған сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шағымдар 26 қаңтарда апелляциялық сотқа келіп түскен. Әзірге сот отырысының нақты күні белгіленген жоқ.

Еске салайық, 2025 жылғы 17 қарашада 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша үкім жарияланған болатын. Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Яна Легкодимова ісі: Айыпталушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Іс материалдарына сәйкес, қанды оқиға 2024 жылы қазан айында болған. Қылмыскерлер бойжеткенді өлтіріп, марқұмның денесі мен ұялы телефонын өзенге лақтырып жіберген. 

Кейін қылмыскерлер жазаларын жеңілдетуді сұрап, сотқа апелляциялық шағым түсірген.

 

Соңғы жаңалықтар