• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет 27 Қаңтар, 2026

Енді фильмдерді прокатқа шығару мәселесін Сараптама комиссиясы шешеді

30 рет
көрсетілді

Елімізде шетелдік және отандық фильмдерді прокатқа шығармас бұрын оларды арнайы Сараптама комиссиясы қарайтын болады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров соңғы кездері қоғамда бірлік пен тұтастықты нығайтудан гөрі, халықты жікке бөлуге бейім үдеріс күшейіп жатқанын айтып, Үкімет басшысына сауал жолдаған болатын. Депутат жасөспірімдер үшін кино және медиаконтенттің тәрбиелік ықпалы жоғары екенін ескеріп, осыған қатысты біршама ұсынысын ортаға салып, Ақпарат және мәдениет министрлігі жанынан кинопрокатқа шығатын отандық фильмдердің мазмұнын алдын ала көркемдік-эстетикалық, идеологиялық, ұлттық бірлік тұрғысынан сараптайтын тұрақты комиссия құруды іске асыру қажет екенін ұсынған.

Олжас Бектенов жауабында ел кинотеатрларындағы фильмдер прокатының мониторингі күшейетінін де атап өтті. 

«Бұған қатысты үкімет әзірлеген түзетулерді мәжіліс 2025 жыл соңында қабылдады. Кейін олар Сенаттың қарауына енгізілген. Түзетулер қабылданғаннан кейін шетелдік және отандық фильмдерді елімізде прокатқа шығармас бұрын оларды арнайы Сараптама комиссиясы қарайтын болады. Алдағы уақытта мәдениет саласындағы заңнамалық талаптарды бұзуға жол бермеу мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлтты бірлікке шақыратын мазмұндағы контентті көбейту жұмыстарын жүргізетін болады», делінген премьер-министрдің жауабында.

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Айта кетейік, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2026 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялаған.

Соңғы жаңалықтар