• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Қаңтар, 2026

Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

61 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 25-27 қаңтар аралығында күтілетін ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Астанада аяз бен боран күшейсе, Алматы мен Шымкентте тұман мен көктайғақ қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 Елордада:

25 қаңтар: Түнде аяз -20-22°С-қа дейін күшейіп, күндіз -11-13°С шамасында сақталады. Қар жауып, боран соғады. 26 қаңтар: Температура тағы да төмендейді. Күндіз -13-15°С, түнде -22°С. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні (9-14 м/с) аяздың әсерін күшейте түспек. 27 қаңтар: Боран басылмайды. Күндізгі көрсеткіш -15-17°С-қа дейін төмендейді.

Алматыда жауын-шашын күтілмегенімен, көлік қозғалысына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар басым болады.

25 қаңтар: Күндіз 0,-2°С суық. Түнде және таңертең түсетін тұман мен жолдардағы көктайғақ жүргізушілерден ерекше сақтықты талап етеді. 26-27 қаңтар: Ауа температурасы аздап көтеріліп, күндіз +2°С-қа дейін жылынады.

Шымкентте:

25 қаңтар: Түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетіп, дауылды сипат алуы мүмкін. 26 қаңтар: Қысқа мерзімді үзіліс: күн ашылып, +5°С-қа дейін жылынады. 27 қаңтар: Қайтадан жауын-шашын орнап, көктайғақ қаупі сақталады.
Соңғы жаңалықтар