• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Қаңтар, 2026

Қар, бұрқасын: 25 қаңтарда ауа райы қандай болады?

30 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК ел аумағы бойынша 25 қаңтарына арналған ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты қар жауады, ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте күндіз қар және жаңбыр жауады деп күтіледі.   Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, тұман түсіп, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.   Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұрқасын жүреді. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді деп болжанып отыр.   Еске сала кетейік, кеше ауа райына байланысты 15 өңірде ескерту жарияланды.
Соңғы жаңалықтар