• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Пікір 24 Қаңтар, 2026

Ұлы мұрат жолындағы өзгерістер

61 рет
көрсетілді

Қызылордада өткен Құрылтайдың шын мәнінде тарихи мәні зор. Бұл елдің келешегін айқындаған келелі отырыс болды.

Мемлекет басшысы халық­тың көкейінде жүрген ең өзекті мәселелерге жауап беріп қана қоймай, ел дамуының басым бағыт­­тарын – қоғамдық-саяси жаңғыру, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік әділдік пен заң үстем­дігін нығайту мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Әсіресе мем­ле­кет­тік басқару жүйесінде болатын ауқымды трансформация туралы тереңнен толғады.

Қасым-Жомарт Тоқаев прези­денттік лауазымға кіріскен сәттен бері ауқымды реформаларды қолға алды. Оның жемісін көріп те келе­міз. Бұл бастамалардың өзегінде әділдік идеясы жатыр.

Біздің түпкі мақсатымыз – әділетті, өркениетті, мықты әрі қауіпсіз мемлекет құру. Қызылордада көтерілген бастамалар – осы ұлы мұрат жолындағы ірі, бетбұрыс­ты қадамдардың жал­ғасы. Негізгі екпін билік институттары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға беріледі.

Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын одан әрі күшейтуге ерекше мән беріліп отыр. Бір палаталы Парламент – соның айқын дәлелі. Ал оның болашақ атауын «Құрылтай» деп ұсынуы ұлттық болмысымыз бен ұлттық кодымызды қайта жаңғыртумен тең. Ғасырлар бойы дала демо­кра­тиясының өзегі болған құрыл­тай­дың қайта түлеуі деп санаймын.

Алда көп жұмыс күтіп тұр. Ата заңымызға үлкен өзгерістер енгізіп, іргелі реформаларды іске асырамыз. Бұл – тарихи кезеңнің бастауы. Депутат ретінде біз осы жұмыстың алдыңғы шебінде жүруге міндеттіміз. Елдігімізді нығайтуға, егемендігімізді тұғыр­лы етуге бағытталған тарихи рефор­малардың игілігін барша жұр­ты­мыз, ұрпағымыз көре берсін.

 

Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ,

Мәжіліс депутаты 

Соңғы жаңалықтар