Кино әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі – «Оскардың» 98-ші табыстау рәсімі 15 наурызда өтеді. Америкалық киноакадемия 2026 жылдың үміткерлер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
«Оскар» сыйлығын табыстау: YouTube тікелей эфирде көрсетеді
Екінші пландағы үздік актриса номинациясында Эль Фаннинг пен Инга Ибсдоттер Лиллеас «Сезімге бай құндылық», Эми Мадиган «Қару-жарақ», Вунми Мосаку «Күнәһар», Тиана Тейлор «Ұрыстан ұрысқа» фильмдерімен үміткерлер қатарында.
Режиссерлік аталым да тартысқа толы. Биыл Хлоя Чжао «Хамнет», Джош Сафди «Керемет Марти», Пол Томас Андерсон «Ұрыстан ұрысқа», Йоаким Триер «Сезімге бай құндылық», Райан Куглер «Күнәһарлар» фильмдері үшін «Оскарға» ұсынылды.
Анимациялық толықметражды фильмдер арасында «Арко», «Элио», «K-Pop охотницы на демонов», «Маленькая Амели» және «Зверополис 2» туындылары бақ сынайды.
Айта кетейік, 2025 жылы «Үздік фильм» атағы «Анора» картинасына бұйырған еді. Ал биылғы бәйге рекордтық көрсеткіштерімен, мықты актерлік құрамымен және режиссерлік шешімдердің сан алуандығымен есте қалғалы тұр.
Сегіз «Оскар» сыйлығы берілген жалғыз мультфильм