Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды, деп жазады Egemen.kz.
Президенттің айтуынша, осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттері туралы дұрыс әрі орнықты түсінік қалыптасты. Бұл қоғамдық пікірдің пісіп-жетілгенін және реформаларға деген сұраныстың артқанын көрсетеді.
Парламент қалай өзгереді? Президент Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады
Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында халыққа арнаған Жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы талқылау нәтижелерін, сараптамалық қорытындыларды, ұсынылған конституциялық түзетулердің жобаларын, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен бастамаларды жан-жақты зерделеп отырғанын атап өтті.
Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады
Оның сөзінше, бұл деректер алдағы конституциялық реформаның мазмұнын айқындауда маңызды негізге айналады.