Ақтөбе облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды. Күдікті психотроптық заттарды жалдамалы пәтерде сақтап келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жалдап тұрып жатқан пәтерін тінту кезінде қызметтік иттің көмегімен өзіне тән иісі бар 3 граммнан астам ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары салынған ZIP-пакеттерді тәркіледі. Сонымен қатар пәтерден есірткі тұтынуға арналған құралдар мен изолента табылған.
Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді
Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың психотроптық есірткі екенін растады. Қазіргі уақытта күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес: 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды