• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2026

Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді

30 рет
көрсетілді

Павлодар облысында тасжолда 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай 17 қаңтар күні Қалқаман кентіне жақын маңда тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүк көлігі мен ағаш тіркемеден бір мезетте өрт шыққан. Ішінде 15 бас жылқы болған.

Астанада көпқабатты үйде болған өрттен 8 адам құтқарылды

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімшелері қызыл жалынды жедел ауыздықтап, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында адамдар да, жануарлар да зардап шеккен жоқ.

Ертіс ауылындағы өрттен зардап шеккен отбасыға пәтер берілді

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар техникалық ақау немесе қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланды 

Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілер мен тасымалдаушыларды жол үстіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Тексеру нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.

Соңғы жаңалықтар