• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым 18 Қаңтар, 2026

СҚО-дағы ауылға қайтарылған қаржы есебінен ауыз су құбыры тартылды

40 рет
көрсетілді

Прокуратураның күшімен халыққа қайтарылған жымқырылған ақшаның бір бөлігіне Айыртау ауданындағы Баянтай ауылына ауыз су жеткізетін осы заманғы озық технология орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соның арқасында ауылдың 240 тұрғыны таза су ішетін болды. Жаңа су жүйесі Солтүстікте 30 градустық аяз болып тұрғанда ашылды.

Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді

Ашылу салтанатына облыс пен ауданның басшылары, прокуратура қызметкерлері қатысты. Табиғаттың қысылтаяңына қарамай ашылған нысан халықтың көңіл-күйін көтеріп, ертеңге деген сенімін арттырды.

Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады

Жиында қайтарылған қаражат есебінен облыс бойынша денсаулық сақтау мен коммуналдық қызметтің 32 жобасы іске асырылып жатқаны жеткізілді.

Түркістан: Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 5 ауыл ауыз сумен қамтылды

Соңғы жаңалықтар