• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Көрме 17 Қаңтар, 2026

Тоқыма тылсымы

20 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде суретші Дария Нұртазаның (Kokonja) «Shaft. Жасырын жіптердің құпиялары» атты жеке көрмесі ашылды. Тоқыма өнерінің тылсымына тартатын мәдени іс-шара Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мырзаның бастамасымен өтіп отыр.

Көрменің ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министр­лігі Мәдениет комитетінің төр­ағасы Ерлан Дәкенов, Ұлттық му­зей директорының міндетін атқа­рушы Сайран Дүйсенов, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұс­тафа Капуджу, Ыстанбұл уни­вер­ситетінің Тарихқа дейінгі ар­хеология кафедрасының мең­ге­ру­шісі Нежми Карул, Парламент депутаттары мен зиялы қауым өкіл­дері қатысты.

Көрмеде Түркияның Оңтүс­тік-Шығыс Анадолы аймағына жасал­­ған зерттеу сапары аясында жинал­ған бірқатар материал ұсынылды. Сондай-ақ суретшінің өткен мен бүгінгі арасындағы рухани байланысты бейнелейтін «Kokonja» сериясындағы туындылары қойылды.

Салтанатты рәсімде сөз ал­ған Мәдениет және ақпарат министр­лігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов тарих пен мәдениеттің сабақтастығын негізге алған халықаралық жоба­ның маңыздылығына тоқталды. Ол суретші Дария Нұртаза­­ның шығармашылығы бай тари­хи-мәдени мұрамен тығыз бай­ла­ныс­та екенін атап өтіп, шығар­­ма­шы­лығына сәттілік тіледі.

Экспозиция аясында бір инстал­ляциялық киіз үй, төрт көркем панно, сондай-ақ көрменің мазмұнын тереңдете түсетін мультимедиалық материалдар – бейнежазбалар, фотосуреттер, өзге де заманауи визуалды форматтарға куә болдық. Жобаның концепциялық негізінде shaft («шурф») ұғымы жатыр. Бұл археологияда мәдени қабаттарды зерттеуге арналған арнайы термин.

Айта кетейік, жобаның жетек­шілері – Мәдина Серғазина мен Бауыржан Сағиев. Халықаралық көрме екі айға жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар