• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қаңтар, 2026

Ертіс ауылында жеке тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті: 2 бала қайтыс болды

30 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Ертіс ауылындағы жеке тұрғын үйде болған алапат өрттен құтқарылған екі бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы шақыру таңғы сағат 8.33-те түскен.

СҚО-да үй өртенді: әкесі мен баласы көз жұмды, тағы бір бала іздестіріліп жатыр

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына үш минут ішінде жеткенімен, бұл уақытта үй толығымен отқа оранып, ішіндегі жиһаздар, үй заттары мен шатыры жанып жатқан.

«Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Нәтижесінде үш кәмелетке толмаған бала құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін үйден өзі шығып үлгерген. Өкінішке қарай, ауруханаға жеткізілген балалардың екеуі қайтыс болды», деп хабарлады департамент өкілдері.

Тілсіз жаудың жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Түркістанда жеке тұрғын үй өртенді: 12 адам мерт болды, оның 9-ы бала

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Қостанай облысындағы өрттен 5 жастағы бала көз жұмған еді. 

Соңғы жаңалықтар