• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қаңтар, 2026

Иран әуе кеңістігі жабылды: Air Astana рейстерінің маршруты өзгерді

20 рет
көрсетілді

Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің маршруты өзгеретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осыған байланысты Air Astana ұшақтары Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға Иран әуе кеңістігін айналып ұшады. Сондай-ақ рейстер кестесінде өзгерістер болады.

Компания жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеп, жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұрап отыр.

Жолаушылар рейстерінің кешігуі немесе өзге де жағдайларға қатысты мәліметті компанияның байланыс орталықтарынан ала алады: брондау және ақпарат орталығының нөмірлері: +7 (727) 244 44 77, +7 702 702 44 77.

Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан жағдайда: +7 (727) 244 44 78.

WhatsApp: +7 702 702 00 74.

Айта кетейік, Иранда бірнеше күннен бері елдің түкпір-түкпірін қамтыған жаппай наразылықтар жалғасып жатыр. 

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын хабарлады. 

Әлемдік БАҚ Иран әуе кеңістігінің жабылуын іске АҚШ-тың араласуымен байланыстырып отыр. Қазір Иран билігі тек таңдаулы халықаралық рейстерді қабылдауға шешім шығарған.

 

Соңғы жаңалықтар