Қызылорда облысындағы Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасына 42 төсек-орынға арналған қосымша корпус салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа нысанға прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған қаражат жұмсалған.
Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді
Ауданға сапарлап барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Ризабек Ожаров Әйтеке би кентінде салынып жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, аурухананы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарымен танысты. Жобаның жүзеге асырылу барысы Қызылорда облысы прокуратурасының бақылауында тұр.
Көп ұзамай пайдалануға берілетін нысан бөлімшелерге түсетін жүктемені едәуір азайтып, медициналық көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды