Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ал шығыс өңірлерде түнде қалың қар түсуі мүмкін. Батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республиканың тек оңтүстігінде, солтүстік-батысында және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің барлық өңірлерінде:
жолдағы көрінуді төмендететін тұман; жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпті көктайғақ; қозғалысты қиындататын желдің күшеюі байқалады.Қазақстан тұрғындарына жолда барынша сақ болу, сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеру және болжамдарды мұқият қадағалау ұсынылады.
Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Астана қаласында – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде және күндіз -14…-16 °C. Алматы қаласында – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…-2 °C, күндіз +6…+8 °C. Шымкент қаласында – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3 °C, күндіз +12…+14 °C.Айта кетейік, кеше қолайсыз ауа райы салдарынан елорда әуежайында ұшу кестесіне уақытша өзгерістер енгізілген еді.