• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қаңтар, 2026

Қарағанды облысында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетті

20 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған астобус тасжолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Бұл оқиғаға өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтар күні Шахтинск қаласынан шығар тұста маршруттық автобустың жүргізушісі боран мен көктайғаққа байланысты көлікті басқара алмай қалып, автобус тасжолдан шығып кеткен.

«Автобус салонында шамамен 50 жолаушы болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінде.

Полиция өкілдері қазіргі уақытта өңір аумағында қолайсыз ауа райы сақталып отырғанын атап өтті.

СҚО-да төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты болды

Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауға, арақашықтықты ұстануға, күрт маневрлерден аулақ болуға және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға кеңес берілді.

Алматыда бір түнде 58 жол апаты тіркелді

«Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты», деп түйіндеді ведомствода.

Айта кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады.

Соңғы жаңалықтар