• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2026

Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті. Баспана қай аймақта қымбатқа түседі?

30 рет
көрсетілді

2025 жылғы желтоқсан айында республика бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 571,2 мың теңгеге жеткен (қарашада – 568,8 мың теңге). Бұл 2024 жылдың осы айымен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары. Баспана бағасы өсуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес,  ең жоғары баға – 22,9%-ға, 1 шаршы метр үшін 471,1 мың теңгеге дейін Қонаев қаласында тіркелді. Сондай-ақ Павлодарда – 22,9% (466,2 мың теңге), Алматыда – 19,8% (690,6 мың теңге), Астанада – 17,4% (671,2 мың теңге), Шымкентте – 15,6% (527,9 мың теңге) өсім байқалды.

Қайталама нарықта тұрғын үйдің бағасы бір жылда 14,6%-ға өсіп, Қазақстан бойынша орташа есеппен 1 шаршы метр үшін 594,7 мың теңгеге жетіп отыр (қарашада – 587,9 мың теңге).

Қайталама тұрғын үй  Алматыда қымбаттады – 25,4%-ға, 1 шаршы метр үшін 738,3 мың теңгеге дейін.

Сондай-ақ бағалар Ақтөбеде – 18,2%-ға (363 мың теңге), Павлодарда – 17%-ға (449,4 мың теңге) айтарлықтай өсті.

Астанада пәтерлерді қайта сату бағасы 10,9%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 720,4 мың теңгені құрады, ал Шымкентте – 10,9%-ға өсіп, 466,9 мың теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ел бойынша жалдау ақысы бір жылда 13,1%-ға қымбаттап, 1 шаршы метр үшін 5 мың теңгеге дейін өсті.

Жалға берілетін тұрғын үй  Павлодарда да қымбаттады – бірден 42,9%-ға (1 шаршы метр үшін 3,6 мың теңге), Петропавлда – 40,9%-ға (4,5 мың теңге), Ақтөбеде – 30,4%-ға (3,2 мың теңге).

Алматыда жалдау бағасы бір жылда 11,6%-ға өсіп, 1 шаршы метр үшін 5,9 мың теңгеге жетті, Астанада – 11,9%-ға (5,5 мың теңге), Шымкентте – 12,9%-ға (4,2 мың теңге).

Егер айлық өзгерістерді (2025 жылғы қараша айымен салыстырғанда) қарастырсақ, бастапқы нарықтағы тұрғын үй орташа есеппен 0,4%-ға, қайталама нарық – 1,2%-ға, ал жалдау бағасы – 2,1%-ға өскен.

Соңғы жаңалықтар