Ұлттық кітапханада 2025 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспозиция ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оқырмандарға отандық авторлар мен жаңа басылымдарды таныстыруды мақсат етеді.
Алматыда Брайль қарпі бар, IT-аймақты кітапхана ашылды
Көрме төрт бөлімнен тұрады. «Отандық әдебиет» бөлімінде отандық қаламгерлердің заманауи прозасы мен поэзиясы, қазақ әдебиеті классиктерінің қайта басылған кітаптары қойылса, «Ғылыми-танымдық еңбектер» бөлімінде тарих, этнография, өнер және әлеуметтік ғылымдар бағытындағы жаңа зерттеулер таныстырылды. Сондай-ақ «Аударма жобалары» бөлімінде әлемдік ғылыми және көркем әдебиеттердің қазақ тіліндегі нұсқалары, ал «Балалар әдебиеті» қатарына иллюстрациялық кітаптар қойылған.
Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты
Көрмені кітапхана оқырмандары 10 күн бойы тамашалай алады.
Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон-фикшн әлде көркем проза?