Бұған дейін «Тобол» деп аталып келген қостанайлық футбол клубы ресми атауын «Тобыл» деп өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл – толық ребрендинг емес, уақыт талабына сай жасалған жаңару. Логотиптің жанкүйерлерге бұрыннан жақсы таныс негізгі сипаты мен нышандары өзгерген жоқ. Жаңа логотип тарихи сабақтастықты және команданың алға ұмтылысын бейнелейді», деп хабарлады клубтың баспасөз орталығы.
Еске салайық, бұған дейін қостанайлық «Тобыл» клубына қатысты ФИФА тарапынан шектеу енгізілгенін жазған едік.