Елордада апта ортасында қар жауып, боран соғады және жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
7 қаңтар: Күндіз -9…-11°С, түнде -11…-13°С. Батыстан жел соғады.
8 қаңтар: Жауын-шашын тоқтайды, бірақ күн суытады. Түнде -16…-18°С-қа дейін аяз болады.
9 қаңтар: Түнде -12…-14°С, күндіз -7…-9°С.
Алматыда жауын-шашынсыз, бірақ тұманды ауа райы сақталады.
7 қаңтар: Түнде -3…-5°С, күндіз +3…+5°С жылы. Түнде және таңертең тұман түседі.
8 қаңтар: Күндіз температура сәл төмендеп, +1…+3°С көрсетеді.
9 қаңтар: Таңертеңгі тұман сақталады, күндіз қайтадан +3…+5°С-қа дейін жылынады.
Шымкентте үш күн бойы айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді, бірақ кей жерлерде тұман болуы ықтимал.
7 қаңтар: Түнде -2…-4°С, күндіз +4…+6°С.
8 қаңтар: Күндіз ауа температурасы +5…+7°С-қа дейін көтеріледі.
9 қаңтар: Ең жылы күн болмақ: күндіз сынап бағанасы +7…+9°С-қа дейін жетеді, түнде -2…-4°С аяз.
Еске сала кетейік, қаңтарда ел тұрғындары Рождествоға орай қосымша демалады