• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2026

Қызылордада есірткі сатқан тұрғын ұсталды

10 рет
көрсетілді

Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде ұсталып отыр. Ол өз үйінде есірткі сатып жатқан жерінен құрықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдіктінің үйін тінту барысында 2 полиэтилен пакет пен қағазға оралған 6 шағын түйіншек, 300-ден астам сіріңке қорабына салынған кептірілген шөп тектес заттар тәркіленген. Бәрінің жалпы салмағы 800 грамнан асып отыр.

Тінту кезінде тіркеуде жоқ 1 аңшы мылтығы және 21 гильза да табылған. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетті.

 

Соңғы жаңалықтар