• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Қаңтар, 2026

Еліміздің екі өңірінде жол жабылды

20 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 17:00-де 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жол бөліктерінің жабылуы ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Батыс Қазақстан аумағындағы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» жолының бір бөлігі, нақты айтқанда, 393-526 шақырымы тұсы жабылды. Бұл Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралық.

Ақтөбе аймағындағы «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырым аралығы БҚО-ның шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі жол бөлігі жабылып отыр. Бұл – аталған жолдың 526-702 шақырымы аралығын қамтиды.

«Жол бөліктерін 6 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарға алынған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар