• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қаңтар, 2026

Көлік нөмірін таңдау: 5 қаңтардан бастап кез келген әріп пен санды сатып алуға болады

70 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда көлік иелері үшін мемлекеттік нөмірлерді таңдаудың жаңа ережелері күшіне енеді. Енді азаматтар 5 қаңтардан бастап белгіленген баж салығын төлеп, нөмірдегі цифрлар мен әріптерді өз қалауынша құрастыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нөмірлердің құны қанша болады?

Мемлекеттік нөмірдің түріне қарай төлем мөлшері де әртүрлі болады:

Егер автокөлік иесі өзіне ұнайтын кез келген сандар мен әріптердің жиынтығын алғысы келсе, 10 АЕК (43 250 теңге) төлейді.

«Айналы» нөмірлердің құны 15 АЕК-ті құрайды.

Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды

Жоғары сұранысқа ие нөмірлер үшін бөлек тарифтер бекітілген. Ең қымбат санатқа келесі нөмірлер жатады:

001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары және олармен бірге келетін бірдей әріптер.

Мұндай нөмірді тағу үшін 285 АЕК көлемінде салық төлеу қажет. Бұл шамамен 1 230 000 теңге.

Автокөліктерді қай өңір көбірек өндірді?

Ескерте кетейік, 2026 жылы 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшері 4 325 теңге болып бекітілген.

Соңғы жаңалықтар